ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
«Семей ағаш өңдеу зауыты» ЖШС
Осы таблица 20022.5 – 93 ГОСТ сай жасалған.
1. Ылғалдап өңдеу 20022.1 ГОСТ бойынша технологиялық ңұсқауға сай ҚЫСЫМ-ҚЫСЫМ-ВАКУУМ әдісімен жасалады. Бұл әдіс шпалдарды, бұру брустарын және көпір брустарын, электрқуаты және байланыс жүйесі бағаналарын ылғалмен өңдеу үшін пайдаланылады.
2. Кең рельстерге арналған ағаш шпалдарды, бұру тілі ағаш брустарын, көпір брустарын ылғалдап өңдеу үшін 2770-24 ГОСТ бойынша таскөмір майы қолданылады. Антисептик жеке резервуарда сақталады.
3. Ағаштың ылғалы өңдеу алдында 25%- дан артық болмайды.
4. Алдын – ала ауа қысымын 0,2 (2) - ден 0.4.МПа (4кгс/см2) дейін болуы керек. Қылқан жапырақты ағаштың сұйық қысымы 1,2 МПа (12кгс/см2) артық болмауы керек, ал қатты жапырақты ағаштың сұйық қысымы 1.4 МПа (14кг/см2) артық болмауы керек. Бастапқы вакуумның және соңғы вакуумның тереңдігі 0,08 МПа (0,8 кгс/см2) болуы керек.
5. Қорғаныс құралдарының температурасы сұйық қысым кезеңінде 90 С кем болмайды.
6. Антисептикті бойына сіңіру нормасы – 96 кг/куб.м.
7. Ылғалмен өңдеудің тереңдігі – 5мм.
«Ылғалмен өңделген кең рельсті теміржолға арналған ағаш шпалдар (1-інші және 2-нші типті)», «Ылғалмен өңделген кең рельсті теміржолдың ағаш бұру тілдері (1-інші және 2-нші типті)», «Көпірлерге арналған ағаш брустар» көрсетілген технологиялық нормативтерге және №78-2014, №8816-2003, №28450-90, №20022.5-93 ГОСТ талаптарына сай жасалады.
Өндірістің технологиялық процесі төмендегі операциалардан тұрады:
1. Шпал артылған (типіне байланысты 130дан – 168 данаға дейін) тар жолға арналған 4 вагонетканы ылғалдап өңдеу цилиндіріне дөңгелетіп жеткізу, қақпағын герметизациялап бекіту.
2. Буландыру змеевигінің көмегімен антисептикті жылу алмастыру жабдығында 95-1000С дейін ысыту, бірақ вспышканың температурасынан 50С төмен болуы керек.
3. Жүйе ішінде тікелей ауаның циркуляциясымен насос арқылы ылғалдау цилиндіріне ыстық антисептик толтыру.
4. ПДВ насосы арқылы 6 кг/см2 дейін антисептикпен сұйық қысым жасау.
5. Сұйық қысымның периоды.
6. Қысымды түсіру.
7. 2 кг/см ауа қысымын жасау.
8. 2 кг/см ауа қысымын ұстау.
9. Ылғалмен өңдеу цилиндірін антисептиктің қалдықтарынан тазарту.
10. Цилиндрден вагонеткаларды шығару.